Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Таразда 54 жастағы ер адам мешітте ұрлық жасады

«102» арнасына Тараздың 19 жастағы тұрғыны шағым білдірді. Жігіттің айтуынша, ол орталық «hибатулла-Тарази» мешітінде барған, онда намаз оқып жатқан сәтте әлдекім оның күртешесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таразда 54 жастағы ер адам мешітте ұрлық жасады
Фото: azattyg.ruhy

Оқиға 23 қазан күні болған кешкі сағат 5 пен 6 арасында болған. Келтірілген шығын 25 000 теңгені құрайды.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері қаладағы шағын аудандарының бірінің 54 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген хабарламада.