Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Павлодардағы саябақта мас тұрғын өз баласының мұрнын бұзған (ВИДЕО)

Саябақта кәмелектке толмаған ұлын ұрған 52 жастағы павлодарлық тұрғын ұсталды. Бұл туралы Paryz.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтемежасап хабарлады.

Павлодардағы саябақта мас тұрғын өз баласының мұрнын бұзған (ВИДЕО)
фото: yandex.kz

Оқиға қаладағы Гагарин саябағында болған. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Іnstagram парақшасында ер адамның баласын балағаттап, ұрғанын жазған.

Ол оның мұрнын жарды. Дереу полиция шақырдым, 2 минутта жетті. Тәртіп сақшылары жағдайды анықтап жатқанда әйел баламен қашып кетті. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес сияқты, – дейді видео авторы.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гагарин саябағында кәмелетке толмаған ұлын ұрған ер адам мас болған.

52 жастағы ер адамға қатысты ұрып-соғу немесе физикалық ауыртпалық тудырған өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау фактісі бойынша ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал сотқа жіберіледі. Сотқа дейін ер адам уақытша ұстау камерасына орналастырылған, – деп мәлімдеді облыстық ПД.

Сондай-ақ ер адам қоғамдық орында мас болып жүргені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған ұлына сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.