Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Павлодар облысында өткен демалыста брнеше жол апаты тіркелді, деп хабарлады Paryz.kz. 

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 қазанда сағат 06:20-да Павлодар – Успен автожолында, Мойылды кентінің жанында Toyota Alphard көлігінің 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, ал жарақат алған жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ 22 қазанда сағат 18:20-да Гагарин көшесіндегі 65-үйдің жанында КамАЗ көлігінің 58 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды.

Сол күні сағат 20:23-те Ледовск көшесінде де жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен. Онда Toyota Camry көлігінің жүргізушісі оқиғадан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Айманов көшесіндегі патрульдік полиция батальонының автопатрулі 56 жастағы жүргізушіні ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша ол «орташа дәрежеде» алкогольдік масаң күйде болған.

Қазір полиция қызметкерлері ЖКО фактілері бойынша тексерулер жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.