Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Мені зорлағаннан кейін өлтіретінін айтты»: Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды

Павлодарда зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Мені зорлағаннан кейін өлтіретінін айтты»: Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды
Фото: Halyq Uni

Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram желісінде мәлімдеді.

«Мені зорлағаннан кейін ол аузымды басып, тұншықтырып өлтіретінін айтты. Мені ешкім таба алмайтынын айтып қорқытты. Ол адам әлі бостандықта.  Мені ауруханаға ес-түссіз, ауыр жағдайда алып келді. Мен өзім үшін және кәмелет жасына толмаған екі қызымның өмірі үшін қорқамын»,  - деді әйел.

Аталған оқиғаға қатысты Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр түсініктеме берді.

«Күш қолданумен зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды», - деді Василий Скляр. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық - процестік кодексінің 201- бабына сәйкес  тергеу мүддесінде  басқа ақпарат жария етілмейді.