Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қостанайда супермаркеттен алған салат жапырағынан жарғанат шықты

6 қыркүйекте кешке Қостанай тұрғынының супермаркеттен сатып алған көкөніс салынған пакеттен жарғанат шықты, деп хабарлайды "Костанайские новости".

Қостанайда супермаркеттен алған салат жапырағынан жарғанат шықты
сурет stan.kz сайтынан

«Кешке жылтыр қаптаманы тоңазытқышқа салып қойғанмын. Таңертең оны алып, жапырақтарын суға салып жуа бастадым, сол кезде бір дыбысты естідім. Жылтырдың шытыры шығар деп оны елемедім. Жапырақтарды жайлай бастағанда ыдыстың түбінде бір мақұлық маған қарап, әлдеқандай дыбыс шығарғанын көрдім. Қорыққанымнан шыңғырып жібердім. Қасыма күйеуім жүгіріп келіп: "Бұл жарғанат қой", - деді. Шынымды айтсам, әлі өз-өзіме келе алмай жүрмін. Ол мені тістеп алса не болар еді? Көбіне 9 жасар қызымыз салатты өзі алып, тамағын дайындайтын. Егер ол алғанда не болар еді», - дейді Ириной Вишниченко.

Таңғы астан кейін ерлі-зайыптылар дүкенге барған. Әрине, дүкен әкімшісі де жылтырдағы мақұлықты көріп, таң қалған. Ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болып тұрғанын айтқан.

«Бізден кешірім де сұраған жоқ, тіпті ақшаны қайтаруды ұсынбады. Бұл жағдайда кімнің кінәлі екенін білмеймін. Тек екінші рет қайталанбаса екен», - деп қосты Вишниченко.