Сосын жігіттердің бірі терезенің сынығымен өзін-өзі жарақаттаған.
Петропавлда жатақханада орналастырылған бақылау камерасына екі жігіт пен полицейдің төбелесі түсіп қалған, деп хабарлады paryz.kz, Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.
Видеода жергілікті тұрғындар полиция шақыртқан. Патруль полицейі келгеннен кейін оқиға қалай өрбігені көрсетілген. Ескі Жаңа жылды қатты шулап қарсы алған екі жігіт полицей келсе де тынышталмай, керісінше, ашулана бастаған. Сосын жігіттердің бірі терезенің сынығымен өзін-өзі жарақаттаған.
Полицейлер өздерін сабырлы ұстаған. Жігіттерді олардың таныстары тыныштандырмақ болған. 18 жастағы екі жігіт те ұсталды. Олар Петропавл қаласының Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.