Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елорда іргесіндегі мектепте мұғалім оқушының басын тақтаға соққан

Астана іргесіндегі Жібек жолы ауылында Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектеп мұғалімі оқушының басын тақтаға соққан. Елді мекенге Ақмола облысының Аршалы ауданындағы білім бөлімінен комиссия барды.

Елорда іргесіндегі мектепте мұғалім оқушының басын тақтаға соққан
фото: Halyq uni

Әлеуметтік желілерге тарап жатқан бейнежазбада көрсетілгендей, мұғалім балалардың бірін тақтаға шығарған.

Не істеп отырсың? Неге мені сыйламай отырсың? Мен сенің алдыңда тұрмын ғой, - деп мұғалім ашуға булығып, оқушының басын мектеп тақтасына соғады.

Бейнежазбаның жалғасында мұғалім ортаға оқушыларды шығарып қойып, тәртіпке салған.

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме дайындалып жатқанын хабарлады.

«Комиссия жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Қорытындысын күтеміз», - делінген хабарламада.