Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тараздық әйел көршісінің атынан жарты миллион теңге несие рәсімдеген

Тараздық тұрғын көршісінің атынан жарты миллион теңгенің тауарлық несиесін рәсімдеген, деп хабарлады Paryz.kz.

Тараздық әйел көршісінің атынан жарты миллион теңге несие рәсімдеген
Фото: Halyq Uni

Тараз қаласы полиция басқармасының 2-полиция бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын – екінші топ мүгедектігі бар әйел жүгінген. Жәбірленуші өз шағымында үйіне көрші тұратын әйел келіп, жаңа жылдық мерекеге орай мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақы алуға телефоннан өтініш беру қажет екендігін айтып, оның ұялы телефонынан бейне сәйкестендіру жүргізгені, осылайша мүгедек әйелдің сенімін теріс пайдаланып, оның атына тауарлық несие рәсімдегені туралы шағымданған. Жалпы келтірілген шығын көлемі – 492 мың 800 теңге.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы («Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері шағымданушының пайдакүнем көршісі – 40 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды өтеді, – делінген хабарламада.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.