Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шымкентте кейуананы 2 қызы мен күйеубаласы жабылып соққыға жыққан (ВИДЕО)

Осы жағдайдан кейін қарт ана шыдамай өзіне қол салмақ болады. Бірақ бұл ойы жүзеге аспай қалды...

Шымкентте кейуананы 2 қызы мен күйеубаласы жабылып соққыға жыққан (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласында кейуананы туған қыздары мен күйеубаласы аяусыз соққыға жыққан. Бұл туралы заңгер Еркін Қахаров Facebok-тегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады Oinet.kz.

"Туыстарының айтуынша, Алтынгүл қыздарын ерекше жақсы көріп, өмір бойы солар үшін жұмыс істеген. Той мен шипажайларға мүлде бармаған, қыздарын ұрмаған. Дауыс көтермеген. Сол қыздары өскен соң аналарын ұрып тастап отыр. 21 ғасыр балаларының алғысы осындай болып отыр" деп жазды ол.

Заңгердің жазуынша, 2018 жылы Алтынгүл есімді кейуана кенже қызына марқұм шалы екеуі бірге салған үйді сыйға тартқан. Кейуана қызы және күйеубаласымен осы үйде әрі қарай тұра береміз деп келіскен. Үйді қызы мен күйеубаласының атына жазған соң, арада 10 күн өтер-өтпесте Алтынгүлдің кенжесі көз жұмады. Жылжымайтын мүлік осылайша күйеубаласына қалады. Бірақ заң бойынша үйдің 1/8 бөлігі әжейге тиесілі болған.

Бірақ күйеубаласы әйелінің қырқынан соң енесін үйден қуып шығады. Ал әжей бұл үйден басқа барар жері жоғын айтады. Ақыры сот болып, әжей жеңіліс табады. Ол "жеңіп беремін" деп уәде берген адвокатқа 1,8 млн теңге жұмсаған. Ал адвокат қорғансыз әжейді пайдаланып кеткен.

Тағы оқи отырыңыз: Түркістанда мәйкі-дамбалшаң жүрген сәләфит анасына қол көтерді (ВИДЕО)

"Жығылғанға - жұдырық" демекші, қарт ананы Нағима және Бағила деген екі қызы кенже күйеубаламен қосылып ұрып тастайды. Себебі әжейдің қыздары да осы үйден үлесін алмақ ниетте болған. Осы жағдайдан кейін қарт ана шыдамай өзіне қол салмақ болады. Бірақ бұл ойы жүзеге аспай қалды.

"Шымкент қаласы Абай аудандық ПБ, Шымкент қалалық полиция департаменті, әжені ұрып тастаған қыздары мен күйеу баласын жазалауды сұраймыз. Алтынгүл әженің сол қолының білегі сынған, көп жері сырылған, қансырап, көгерген" деп жазды заңгер.