Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматыдағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы зорлық көрген

Алматыдағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы зорлық көрді деген ақпарат тарады. Бұл туралы баланың ата-анасы қоғам белсендісіне жазған. Сұмдық оқиға желіде қызу талқылануда.

Алматыдағы жеке мектептің 1-сынып оқушысы зорлық көрген
Фото: видеодан скриншот

Оқиға әжетханада болған көрінеді. Бостандық ауданындағы жеке мектепте 67 камера бар. Білім ордасының директоры сұмдық жағдай туралы тәртіп сақшылары келгенде ғана білген, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

«Бұндай ауыр жағдай бізді қатты қынжылтады, біз баланы барынша қорғап қалғымыз келеді. Бізге полициядан арыз түскенде ғана бұл жағдай туралы білдік. Біздің мектептің 1 сынып оқушысына қатысты зорлық әрекеттері болды деген күдік бар деп келді. Мектебімізде бейнекамералар өте көп, біз тергеуге барынша атсалысып көмек көрсетіп жатырмыз. Ата-анармен ашық сөйлестік. Қолдау көрсетуге дайынбыз», -дейді мектеп директоры Ирина Логинова.

Құқық қорғау органдары тергеуді бастап кетті. Сараптама тағайындалды.

 «Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни таратып айтатын болсақ қылмыстық кодекстінің 121-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот медициналық сараптама тағайындалды», - дейді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.