Алматы іргесіндегі "Асыл арман" кешеніндегі сыраханасындағы отырыстың бірі атыспен аяқталды, деп хабарлайды КТК.
Телеарнаның мәліметінше, бұл тұрғын үй кешенінде 20 мыңнан аса адам тұрады.
«Атыс болды. Травматикалық қарудан ба, білмеймін. Бірақ атып жатқан кезде ұшқын шығып жатты. Балконға шығып қарадық. Түн ортасында шудан оянып, қарасақ, 5-6 жас бала жүр. Сырахана қожайыны ол кісінің жұбайы, барлығы бір-бірімен ұрсысып, аайқайласып, төбелесті», - деді тұрғын үй кешенінің тұрғыны Динара Дүйсебаева.
Аулада атыс болғаны жайында әлеуметтік желіде тараған ақпаратты ести сала, полиция департаменті істі анықтауға кіріскен.
«Жедел іздестіріп, 26 жастағы жергілікті тұрғынды таптық. Пиротехникалық бұйымдарды белгіленбеген жерде, яғни "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің аумағында қолданғаны белгілі болды», - деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Серік Үпиев.