Астанада көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен 14 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлады Paryz.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 қыркүйекте «Триумф Астана» тұрғын үй кешенінде болған.
«102» нөміріне көпқабатты 14 жастағы жасөспірімнің құлап кеткені туралы хабар түскен. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция өкілдері тек ресми ақпаратқа сүйенуді, тергеу мүддесі үшін басқа деректер жария етілмейтінін мәлімдеді.