Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Балабақша есепшісі қызын емдету үшін 24 млн теңге жымқырған

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында балабақшаның бас есепшісі мүгедек баласын емдету үшін бюджет қаржысын жымқырған.

Балабақша есепшісі қызын емдету үшін 24 млн теңге жымқырған
фото: Halyq Uni

Әйел екі жыл ішінде 24 миллионнан астам теңгені өзінің жеке есепшоттарына аударып үлгерген, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Бас есепшінің қызы туғанынан аутизмнің ауыр түріне шалдыққан, 1-топтағы мүгедек. Әйел кінәсін мойындап, жымқырған ақшаны баласының емі мен бұрын алынған қарыз, несиелерін жабуға жұмсағанын айтқан.

Тергеу барысында бас есепші 2021-2022 жылдар аралығында бюджет қаржысын жалақы және еңбек демалысының ақысы ретінде негізсіз өзінің карталары мен есепшоттарына аударып отырған, - дейді облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел уәкілі Зарина Құсманова.

Әйел 6 жылға сотталды. Жазасын баласы 11 жасқа толған соң өтейді. Сондай-ақ ол 24 млн теңгені мемлекетке қайтаруға тиіс.