Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап қаза тапты

Атырауда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Атырауда 4 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап қаза тапты
Фото ашық дереккөзден

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 қыркүйекте кешкі сағат 19.30-да болған.

«Төрт жасар кішкентай сәби бесінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бала  есін жимастан оқиға орнында жан тапсырған», - делінген хабарламада.

Полиция бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттердің орындалмауына қатысты 141-бабына сәйкес алдын ала тергеуді бастады.

Кінәлі тұлғалар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицейлер тергеу мүддесін алға тартып, оқиғаның жай-жапсарын жариялаған жоқ.