Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қостанайда көбік кешінде тоқ соққан қыз қайтыс болды

Қостанай облыстық балалар ауруханасында көбік кеші кезінде ток соққан 9 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қостанайда көбік кешінде тоқ соққан қыз қайтыс болды
Фото: видеодан скриншот

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз бала бұған дейін аса ауыр халде жансақтау бөлімінде комада жатқан.

«Оқиғаның қалай болғанын нақты айта алмаймыз, өйткені біз ол жерде болған жоқпыз. Бірақ қолдағы ақпаратқа сәйкес, қыз есінен танып қалған соң су астында елеусіз жатып қалған. Оның солай қанша уақыт жатқанын нақты анықтай алмаймыз», - деді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

Қостанайлық медициналық бригада көмек сұрап, Астанадан мамандар шақыртқан.

Аталған дерекке байланысты полицейлер тергеу ісін бастап, нәтижесінде Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары мен ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ аудан әкіміне қатысты қатаң тәртіптік шаралар қолданылды.

«Дәрігерлер көрсеткен шұғыл медициналық көмектен кейін қыз бала аудандық ауруханаға жатқызылды. Полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлады полиция.