Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда балалар үйінің түлектері жатақханадан көшуден бас тартып, шатырға шығып алды

Орал қаласында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары көшуге наразылық білдіріп, шатырдың үстіне шығып алды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Оралда балалар үйінің түлектері  жатақханадан көшуден бас тартып, шатырға шығып алды
фото: mgorod.kz

«Мой Город» сайтының жазуынша, 11 қыркүйекте «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің бірнеше тұрғыны көшуге қарсылық білдіріп, шатырға шыққан. Олар әкімдік кепілдік міндеттеме алмайынша, жөндеуге жабылған бұл үйден көшуге ниетті емес екендіктерін айтады. 

Жасөспірімдер үйінің меңгерушісі Өмірбай Қалымбетовтің айтуынша, ғимарат жөндеуге байланысты төрт айға жабылмақ.

Жұма күні бізге сәрсенбі күніне дейін көшуіміз керектігін айтты. Бүгін бізге құжаттарымызды әкеліп беруі керек болатын, бірақ бізге тек үйден шығару туралы қағаз берді. Яғни кейін осында оралатынымызға кепілдік жоқ, сондықтан біз қарсымыз. Біз балалармен бірге көшеде қаламыз ба деп қорқамыз, – дейді «Шаңырақ» тұрғыны Кристина Арыстанғалиева. 

Наразылық білдірген бірнеше тұрғын ғимараттың шатырына көтеріліп, осы мекеменің тұрғындарына жөндеуден кейін кері қоныстануды қамтамасыз ететін шарттар жасау үшін облыс пен қала әкімінің келуін талап етті. 

Оқиға орнына Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов келіп, жиналған қауыммен сөйлесіп, келісімшарттар ұсынуға уәде берді.

Менің ойымша, әкімшілік уақытында дұрыс жұмыс істемеген. Жөндеу жұмыстарынан кейін бәрі өз бөлмелеріне қоныстанатынын түсіндіруі керек еді. Олай етілмеген. Енді біз мұнда тұратындардың бәрі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта бөлмелеріне қоныстанатындығы туралы хаттар беретін боламыз. Бұл мәселе шешіледі, – деді Миржан Сатқанов.