Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

ҰҚК: Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болды

ҚР ҰҰК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің 40-отырысында Қазақстанда екі лаңкестік әрекеттің: Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жару мен Астанадағы қарулы шабуылдың алдын алғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҰҚК: Лаңкестер Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарып жібермек болды
Сурет: akorda.kz

Руслан Сейсембаевтың айтуынша, Қазақстанда лаңкестік қаупі сейілмеген.

"Жыл сайын кем дегенде екі лаңкестік әрекеттің алдын аламыз. Мәселен, биылдың өзінде дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қолдан жасалған жарылғыш затты жару әрекеті, сондай-ақ Астанада адам көп жиналатын жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеті болды",- деді Руслан Сейсембаев.

ҰҚК басшысының орынбасары атап өткендей, ведомствоға келіп түскен ақпарат ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерге террористік қауіптер бірқатар басым факторлардың әсерінен қалыптасып отыр деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.