Алматыда белгісіз біреулер Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі балалар арбасын өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға қаладағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Бұл туралы депутат желідегі парақшасында жариялады.
«Менің отбасыма белгісіз біреулерден қоқан-лоққыға ұксайтын әрекеттер басталды. Кішкентай балапанымның коляскасын пәтеріміздің есігі алдында жағып жіберген. Осылай, Ескі Қазақстанның өкілдері өзінің бар-жоғын ескертіп, білдіртіп отырғандай сезінесің! Не болса да, тергеу қорытындысын күтейік», - деп жазды ол.