Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Семейде мейрамхана маңында әйелдер жаппай төбелескен

Әлеуметтік желіде Семейдегі жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Видео авторы 8 ересек әйелдің 3 қызды соққыға жыққанын жазған. Сипаттамада оқиғаның 6 қыркүйекте қаладағы мейрамханалардың бірінде болғаны айтылады.

Семейде мейрамхана маңында әйелдер жаппай төбелескен
Фото: tengrinews.kz

Сегіз ересек әйел үш қызды ұрып-соқты. Қазір барлық қыз бас жарақаттарымен, сынықтарымен, денелерінде гематомалармен ауруханада жатыр, - делінген жазбада.

Осы оқиғаға байланысты Абай облысының полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі («Бір топ адам жасаған бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталды. Қазір тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство өкілдері зардап шеккендердің жасын нақтылаған. Олар – 1997-2002 жылдар аралығында туған қыздар.

Әзірге сотқа дейінгі өзге тергеу деректері жария етілмейді.