Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Абай облысында жолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды

Абай облысында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлады Paryz.kz.

Абай облысында жолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 тамызда сағат 19:30 шамасында Зайсан көлінің жағасындағы Тассай ауылдық округінің Береговой учаскесінде белгісіз адамның мәйіті табылған. Тәртіп сақшылары 30 жастағы жүргізушіні ізін суытпай анықтады. Ол мас күйінде Subaru Legacy автокөлігін тізгіндей отырып, 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші сол жерде қаза тапты. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігі («Абайсызда өлімге әкеп соқтырған, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде анықталып жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.