Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Астананада ересектер мен жасөспірімдер төбелес шығарды

Елордада жасөспірімдер елдің мазасын алған. Іске ересектер араласқан, бірақ оның арты дауға айналған, деп хабарлайды Paryz.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананада ересектер мен жасөспірімдер төбелес шығарды
Фото: әлеуметтік желіден

«2023 жылғы 15 тамызда «102» арнасына тұрғын үй ауласында төбелес болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері тұрғындардың аулада қатты шу шығарған жасөспірімдерге ескерту жасағанын анықтады. Анықталғандай, шудың арты жанжалға айналған. Барлық қатысушы полиция бөліміне жеткізілді», - делінген елорда полициясының ресми ақпаратында.

Қалалық полиция ұсынған ресми дерекке сәйкес, әкімшілік іс жүргізу шеңберінде тексеру жүріп жатыр.

«Оның нәтижесі бойынша айыптыларға қатысты тиісті шаралар қабылданады», - дейді департаменттен.