Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді «UZI» моделінің пулеметі тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.