Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жайыққа батып кеткен баланың әкесі де есін жимаған күйі қайтыс болды

Оралда Жайық өзеніне батып кеткен баланың құтқарылған әкесі де есін жимай көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz Мой город басылымы. 

Жайыққа батып кеткен баланың әкесі де есін жимаған күйі қайтыс болды
Фото: tengrinews.kz

Еске сала кетейік, біз мұның алдында Оралда су айдынында шомылып жүрген үш адам құтқарылып, бір баланың денесі табылмай жатқанын хабарлаған едік.

Бүгін, 13 тамыз сағат 16:47 кезінде құтқарушылар пультіне Жағалау көшесінде Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабар түскен.

Өзенде шомылып жүрген 49 жастағы ер адам, 12 және 17 жасар екі жасөспірімге көмек қажет болған. Құтқарушылар ересек кісі мен 12 жасар баланы судан шығарып үлгерді.

Ал 17 жасар жасөспірімнің денесі төрт сағат іздегеннен кейін табылып, жағаға шығарылды. Ол құтқарылған ер адамның ұлы еді.

Кейінірек БҚО ТЖД 49 жастағы ер адамның ес-түссіз жатқанын хабарлады.

Құтқарушылар оған жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған.

Өкінішке қарай, реанимациялық шараларға қарамастан ер адам есін сол күйі жиған жоқ.