Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап қаза тапты

Елордада тұрғын үй құрылысы алаңында 2 жұмысшы жоғарыдан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада екі жұмысшы 15-қабаттан құлап қаза тапты
Фото: Azattyq Ruhy

«2023 жылғы 10 тамызда «Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 және 27 жастағы жұмысшылар оқиға орнында мерт болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - дейді ведомстводан.