Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыда жаңбыр: тұрғындар көшеде шомылып жүр

Алматыда жауын-шашын салдарынан Наурызбай ауданында орналасқан «Алма сити» тұрғын үй кешенін су басты, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыда жаңбыр: тұрғындар көшеде шомылып жүр
Фото: inform. kz

Әлеуметтік желіде жауын-шашынның салдарынан «Алма сити» тұрғын үй кешенінде жиналған суға малтып жүрген тұрғындардың видеосы шықты. Осы оқиғаға байланысты Наурызбай ауданының әкімдігі «Алма сити» ТК-да су басу оқиғасын жою бойынша жедел жұмыстар жүргізді.

«Сағат 18.50 - де «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы және қызмет көрсететін компанияның күшімен су басу жойылды. Қазір барлық жағдай бақылауға алынды, желілер мен іргелес аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Айта кетейік, Алматыда кешенді тексеру кезінде тұрақты су басу учаскелері анықталған. Әкімдіктің мәліметінше, 2023-2024 жылдары 201 шақырым арық желісін модернизациялау аяқталады, 100 шақырым жаңа арық желілері салынады, 46 тұрақты су басу учаскесі жойылған.

Еске салсақ, Астанада жауын-шашыннан кейін қаланы су басқан соң «Elorda eco system» директоры қызметінен босатылған болатын.