Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Астанада рейске кешіккен жолаушы әйел компания қызметкерін балағаттап, соққылаған

FlyArystan 23 шілдеде болған оқиғаға пікір білдірді. Сол күні жолаушы Астана-Шымкент рейсіне кешігіп келген еді. Кейін рейске жіберуді талап еткен әйел адам FlyArystan қызметкерін балағаттап, соққылаған, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Астанада рейске кешіккен жолаушы әйел компания қызметкерін балағаттап, соққылаған
Фото: FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында жолаушы рейске тіркелу аяқталғаннан кейін кешігіп келгені, сондықтан ұшаққа өткізілмегені мәлім болды.

Ашуға булыққан жолаушы тіркеу үстеліндегі ауыр заттарды тіркеу бағанасының ар жағында тұрған қызметкерлерге лақтырып, балағат сөздер айтқан.

Әуекомпания өкілдерінің біріне ауыр дене жарақатын салған.

Қазіргі уақытта әуекомпания қызметкерге барынша қолдау көрсетіп жатыр, сонымен қатар деструктивті жолаушыны жауапкершілікке тартпақшы.

«Әуекомпания өкілдері бірінші кезекте тұлға ретінде адамға құрметпен қарайтын қарым-қатынаста жұмыс істеуге құқылы. Олардың денсаулығына зиян келмеуі тиісті. Сондықтан, жолаушылардан тәртіпті бұзбай, сыйластық танытуды сұраймыз. Сонымен қатар, 170 жолаушы кешігіп келген бір адамды күте алмайтынын ескерген жөн. Бұл жағдайға қатысты жолаушы заңды түрде жауапкершілікке тартылады және де әуекомпания қызметтерін пайдалана алмайды деген сенімдеміз», - деді FlyArystan басқарушы директоры Эдриан Хамильтон-Маннс.

Компания рейске уақтылы келу ережесі мен мерзімі Қазақстан заңнамасымен бекітілгенін еске салды.