Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ауыл балабақшасында балаларға сасыған ет берілген

Жетісу облысының Қабанбай ауылындағы «Қуаныш 2» балабақшасынан шу шықты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Ауыл балабақшасында балаларға сасыған ет берілген
Фото: stan.kz

Ата-аналар мектепке дейінгі мекемедегі тамақтың сапасына шағымданған. Айтуларынша, онда балаларға мерзімі өтіп кеткен және иісі жағымсыз тартылған ет беріледі екен.

Сондай-ақ терезе алдындағы шаң мен әжетханадағы тарақандар ата-аналардың жағасын ұстатты. Осыған орай өңірдің санитарлық дәрігерлері онда жоспардан тыс тексеріс бастады.

Зертханалық зерттеулерге ас блогының 4 персоналынан бактерия тасымалдаушылыққа алынған сынамалардан теріс нәтиже анықталды. Дайын тамақ өнімдерінен алынған 4 сынама оң нәтиже көрсетіп, 20 шайындының 2 сынамасынан ішек тобы таяқшасы бактериялары анықталды.

Зертханалық зерттеулерге дайын тамақ өнімдерінен микробиологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеуге сынама, микробиологиялық зерттеуге патогенді микрофлораға шайынды алынды. Тексеріс нәтижесі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов.