Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Шымкентте әуежай қызметкері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Туыстарының айтуынша, ол мерекені отбасымен бірге атап өткісі келген. Алайда үйіне келмепті.

Шымкентте әуежай қызметкері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
фото: дереккөз

Шымкентте әуежай қызметкері жоғалып кетті. Туыстары мен полиция 6 күннен бері әйелді іздеп жатыр. Айсұлу Бақтиярованы үйінде күйеуі мен 4 баласы күтіп отыр, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол Жаңа жыл күні түнгі ауысымда жұмыс істеген. Бірақ туыстарының айтуынша, ол мерекені отбасымен бірге атап өткісі келген. Алайда үйіне келмепті.

Айсұлудың телефоны өшірулі. Туыстары мен полиция 6 күннен бері әйелді іздеп жатыр.

"Мен оның әріптестерімен, ауысым бастығымен сөйлестім. Олар Айсұлудың демалыс сұрағанын және Жаңа жылды қарсы алу үшін үйіне кететінін айтты. Содан кейін мен полицияға жүгіндім. 6 күн өтіп кетті. Бірақ нәтиже жоқ. Күн сайын олармен байланыстамын", - деді жоғалып кеткен әйелдің күйеуі Жорабек Бахтияров.

Ер адам әйелімен жанжалдаспағанын айтып сендірді. Полиция тергеуді бастады.

Шымкент әуежайында Айсұлу әуе жуғыш болып жұмыс істеді. Ол жоғалғаннан кейін әуе портында ресми тексеру жүргізілді. Сол түні Айсұлу жұмыс орнынан рұқсатсыз кеткен болып шықты. Қандай себептермен екені белгісіз.

"Оған үйге баруға тыйым салынды. Ол өздігінен кешкі сағат 11-де шыққанын видеодан көрдік. Біздің қызметкерлер оның нөміріне қоңырау шалды. Қоңырау барғанымен, ол телефонға жауап бермеді. Содан кейін телефоны өшіп қалды", - деді "Шымкент әуежайы" АҚ баспасөз хатшысы Мәди Уалиханов.