Кеше Шымкентте Конференция лигасының екінші іріктеу турнирінде «Ордабасы» мен Польшаның «Легия» клубтарының жанкүйерлері арасында қақтығыс болды. Оның видесы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Видеода жанкүйерлердің бір-біріне қол ала жүгіргенін көруге болады. Бейнежазбада ақ жейде киген поляк фанаттарының жергілікті жанкүйердің бірінің басынан ұрғаны, оған Шымкенттің тұрғынының жауап бергені түсірілген.