Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қостанай облысында найзағай малшы жігітті астындағы атымен қоса мерт етті

Қостанай облысының Жітіқара ауданына қарасты Чайковский ауылында жылқы бағып жүрген 27 жастағы жігітке найзағай түсіп, мерт етті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанай облысында найзағай малшы жігітті астындағы атымен қоса мерт етті
фото: ашық дереккөз

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм 19 шілдеде мал жайып жүргенде туыстарымен байланысы үзілген.

Келесі күні елді мекеннен 5 шақырым жерде, жазық даладан оның денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі көрінбеді. Оның жанында жеке заттары мен ұялы телефоны болған, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында барлық қажетті тергеу әрекеті мен сараптамалар жүргізіліп, жігіттің өліміне басынан соққан найзағай себеп болғаны анықталды. Сондай-ақ оның астындағы аты да қатар өлген.

ТЖД қызметкерлері тұрғындарға мынадай ескерту жасады:

  • найзағай болған жағдайда мұржалар мен желдеткіштерді, сондай-ақ терезелер мен есіктерді жабу қажет;
  • найзағай бағандар арасында тартылған сымдарға жиі тиетінін есте сақтаған жөн. Сондықтан найзағай кезінде телефонмен сөйлеспеген дұрыс;
  • терезеге, электр сымдарына, жайтартқыштарға, шатырдағы суағарлар мен антенналарға жақындамаған абзал;
  • мүмкіндігінше теледидар, радио және басқа да тұрмыстық электр құралдарын өшіру қажет;
  • орманды жерде күн күркірегенде төмен орналасқан учаскеге, атап айтқанда, сайға түсу керек;
  • ұзын ағаштардың, әсіресе қарағай, емен, теректердің жанында найзағайдан тығылуға болмайды;
  • найзағай кезінде суда немесе судың жағасында тұрмаған жөн.