Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қызылорда облысының тұрғыны мешітте ұйықтап жатқан имамның телефонын ұрлап кеткен

Қызылорда облысының тұрғыны Шиелі аудандық орталық мешіт ішінен ұйықтап жатқан наиб имамның телефонын ұрлап кеткен. Азамат мәжбүрлі еңбекке тартылды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны мешітте ұйықтап жатқан имамның телефонын ұрлап кеткен
Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері оны ұстап, пробация қызметінің есебіне алған.

Деректерге сай азамат бұл қылмысы үшін Шиелі аудандық соты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен оны кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Оған қоса жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекті атқаруды міндеттеген.

Қазір бұл азамат жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда абаттандыру, көшелерді тазалау сынды жұмыстарды атқарып жүр.

Қазіргі таңда кент әкімдігі айқындаған орындарда күніне төрт сағаттан мәжбүрлі еңбегімді атқарып жүрмін. Бұның өзі маған берілген бір мүмкіндік - отбасымның қасындамын. Бас бостандығым өзімде, ендігі кезекте соттың жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындап, пробация қызметінің қойған заңды талаптарына бағынып, жазамды адал өтеп, болашақ ұрпағыма жақсы тәрбие қалдыруым керек, – деді есептегі азамат.