Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Павлодар облысында ірі қара мал жаппай қырылып жатыр

Павлодар облысының Железин ауданында ірі қара малдың жаппай қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Paryz.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Павлодар облысында ірі қара мал жаппай қырылып жатыр
фото: әлеуметтік желіден

Башмачный ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 сиыр уланып қалды. Қазір мән-жайды арнайы комиссия анықтап жатыр. Малдың нақты неден қырылғаны зертханалық тексерістен кейін белгілі болады. Төрт түліктен сынама алынып, мамандарға тапсырылды.

Сонымен қатар жайылымдық жердегі шөп, топырақ пен судың сынамалары алынды. Әзірге ірі қара «өрістен уланған» деген болжам бар. Себебі жақын маңда зиянкес жәндіктерге қарсы химиялық заттармен өңделген картоп алқаптары орналасқан. Егер малдың қауіпті дерттен қырылғаны дәлелденсе, иесіне заң бойынша өтемақы төленуі тиіс.

 «Мал қырылған жайылым маңында картоп алқаптары бар. Бұл жердегі көкөністер пестицидтермен өңделген. Бұл зат малға аса зиян. Екіншіден, сиырлар «фитоулардан» улануы мүмкін. Жаңбырдан соң улы өсімдіктер шығады. Осындай 2 болжамымыз бар», - деді Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.