Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақтауда қыздың көмек сұрап жанұшыра жылаған видеосы тарады

Ақтауда қыздың көмек сұрап жылаған видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақтауда қыздың көмек сұрап жанұшыра жылаған видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот

Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан ер адам қыздың қолынан жібермей ұстап тұрғаны, ал қыз "көмектесіңдер" деп айқайлап жылағаны көрінеді. Оқиға 11-шағынауданда Ынтымақ алаңында болған.

Маңғыстау полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, қыздың телефоны ұрланған.

"20 шілдеде сағат 2:30 шамасында "102" кезекші пультіне белгісіз біреу жәбірленушіні қорқытып, оның "Самсунг" маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы қоңырау түсті. Осылайша, күдікті 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген", - деп хабарлады ведомство.

Күдікті анықталып, оны ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі ("Тонау") бойынша Ақтау қалалық ПБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп қосты тәртіп сақшылары.