Талдықорғанда көпбалалы ананың алаяқтық жасағаны анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жидек сатамын алдайтын адамдар пайда болғаны туралы бірнеше ақпарат пайда болды.
Көпбалалы анамын деген келіншек арзан бағада таңқурай мен құлпынай ұсынып, ақша аударған соң жоғалып кеткен.
1000 теңгеге таңқурай мен құлпынай бар деп, ақша аударып сатып алуды сұрайды. Осылай 50-60 адам алданды, - деп түсіндіреді жазба авторы.
Облыстық полиция мәліметінше, бұл факті қалалық полицияның назарына алынған.
Егер оның әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық анықталса, әйел қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.
Айта кетері, қазіргі уақытта облыс базарларында жидек бағасы 1 келісі үшін 2000-2500 теңге аралығында.