Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жаркентте 42 жастағы әйелді зорлап, өлтірген күдікті ұсталды

Жетісу облысының Панфилов ауданының орталығы Жаркентте 42 жастағы әйелді зорлап, өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды paryz.kz.  

Жаркентте 42 жастағы әйелді зорлап, өлтірген күдікті ұсталды
Фото: inform. kz

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Заңда көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижесі бойынша күдіктінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріле отырып, іс бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Туыстарының айтуынша, Жаркент қаласында 42 жастағы әйел айуандықпен өлтірілген. 4 шілде күні түнгі сағат 12-лер шамасында дүкенге шыққан Элеонора Зипарованың өртенген мәйітін таңертең ауыл тұрғыны тауып алған. Үстіне киген киімдерін сол маңнан жинап алған жақындары, өлтірмес бұрын қаскөй оны зорлады деген ойда. Ал, сұмдық жағдайға кінәлі ретінде ұсталған күдікті де сол маңайда тұрады екен.