Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Астанада мейрамхана қызметкері қомақты қаржы ұрлаған

Елордалық мейрамхана жүргізушісі қомақты ақша ұрлығына қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 

Астанада мейрамхана қызметкері қомақты қаржы ұрлаған
Фото: pixabay.com

Мешіт ауласында орналасқан мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады.

Тергеу барысында мейрамхана қызметкерінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен. Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілттің жатқанын көріп оны ашып, қолма-қол ақша ұрлады.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, ер адам ұрланған ақшаны өтеді.