Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтауда канал маңынан спортшы қыздың денесі табылды

Ақтауда су каналы маңынан Валерия Шальнова есімді жас спортшының денесі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ақтауда канал маңынан спортшы қыздың денесі табылды
Фото: t.me/atyrauoil_kz

Inaktau.kz жазуынша, қыздың денесі 2 шілдеде таңғы сағат 8.00 шамасында табылған.

102 кезекшісінің пультіне көпірге жақын жерде, су қабылдайтын канал маңында адам мәйіті жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Шақыру бойынша жедел-тергеу тобы шықты. Оқиға орнынан 21 жастағы қыздың мәйіті зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Алайда қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде айналысқан қыздың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді. Олардың айтуынша, қыздың өліміне бұған дейін бір емес, бірнеше рет қол көтерген оның жігіті кінәлі болуы мүмкін.

Кейбір мәліметке қарағанда, қыз қайтыс болған күні достарына қонаққа келуі керек болған, бірақ сол күйі келмеген.