Алматыда жолаушы мен автобус жүргізушісі арасында төбелес болды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Төбелес қаладағы аялдамалардың бірінде болды.
Бейнежазбадан жас жігіттің автобус жүргізушісіне қарай жұдырық ала жүгіргенін және тепкенін байқауға болады.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Төбелестің мән-жайы анықталуда. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады», - деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.