Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атырауда әкесін ұрып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы жігіт қамауға алынды

Атырау облысында 38 жастағы жігіт әкесін ұрып өлтірді. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz

Атырауда әкесін ұрып өлтірді деген күдікпен 38 жастағы жігіт қамауға алынды
Фото: inform. kz

Оқиға Индер ауданының Есбол ауылында болған.

Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Индер ауданында 21 маусым күні таңғы сағат 4:30 шамасында 1959 жылғы ер адам қайтыс болған. Зейнет жасындағы ер адамды 1985 жылғы ұлы соққыға жыққан. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктінің мұндай әрекетке бару себебі әзірге белгісіз. Оны тергеу амалдары анықтайды.