Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Біреумен интимді SMS жазысқан әйелін ұрған адам сотталды

Жанжал шыққаннан кейін әйел SMS жазған адаммен екі рет кездескенін айтқан...

Біреумен интимді SMS жазысқан әйелін ұрған адам сотталды
фото: medaboutme.ru

Ақтөбе тұрғыны әйелін интимді хабарлама үшін сабап тастады. Әйелдің қабырғалары сынып, миы шайқалған, өкпесі жарылған. Алайда ол күйеуін кешіріп, жазаламауды сұрады, деп хабарлады paryz.kz, "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға ерлі-зайыптының үйінде болды. Мерекелік дастарқан басында ер адам бірнеше күн бұрын әйеліне бейтаныс адамнан интимді SMS-хабарлама келгенін есіне түсірген. Жанжал шыққаннан кейін әйел SMS жазған адаммен екі рет кездескенін айтқан. Осы кезде ер адам әйелді ұрып-соғып, тепкінің астына алған. Әйел балтамен қорғана бастаған, бірақ балтаның темір бөлігі ұшып кеткен. Ер адам балтаның сабын тартып алып, әрі қарай ұра берген. Әйел көршілеріне қашып құтылған.

Ер адам денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жазаланды. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, әйел оны кешіріп, соттамауын сұрады. Ол үйдің жалғыз асыраушысы екенін алға тартты.

Сот 56 жастағы айыпталушының бас бостандығын 3,5 жылға шектеді. Егер ол белгіленген режимді бұзса, жаза колониядағы нақты мерзімге ауыстырылады.