Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Үстіне шкаф құлаған»: Алматыда дамыту орталығында 6 жасар бала көз жұмды

Алматыда дамыту орталығына барған бала көз жұмды. Қайғылы оқиға жекеменшік мекемеде болған. Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.

«Үстіне шкаф құлаған»: Алматыда дамыту орталығында 6 жасар бала көз жұмды
Фото: Azattyq Ruhy

«ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған», - деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр. Полицияның дерегінше алты жастағы ұл баланың үстіне шкаф құлап кеткен.