Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Төрт жерімнен пышақтады». Шу тұрғыны полицейлерді шабуыл жасады деп айыптады

Аурухана төсегіне таңылған ер адам досы екеуінің тәртіп сақшыларынан соққы жеп, ауыр жарақаттанғанын айтып, құзырлы органдардан әділдік сұрады, - деп хабарлайды Paryz.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

«Төрт жерімнен пышақтады». Шу тұрғыны полицейлерді шабуыл жасады деп айыптады
Фото: almaty.tv

Сұмдық жайт туралы Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны желіге жариялап, үндеу жасады. Аурухана төсегіне таңылған ер адам құзырлы органдардан әділдік сұрады.

Өзінің бейнеүндеуінде жәбірленуші бірнеше қызметкердің есімін атайды. Әділ тергеуді талап еткен аудан тұрғыны тәртіп сақшыларының істі жылы жауып тастағысы келетінін жеткізген. Ал Полиция департаменті жағдайдың анық-қанығын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс шарасын жүргізіп жатыр. Тергеу барысы ҚР ІІМ басшылығының бақылауына алынды", - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.