Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп жіберген сәт видеоға түсіп қалды

Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді дөрекі түрде итеріп жіберді, - деп хабарлайды Paryz.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп жіберген сәт видеоға түсіп қалды
Фото: видеодан скриншот

Оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Бейнежазбада полицейдің қызмет көлігінің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше әйел оған рұқсат бермей жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың біріне дөрекі күш қолданады. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік әйелдер кейін адвокатты талап еткен.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы түсініктеме алу үшін қалалық полиция департаментінен сұраған еді.

"Аталған іс бойынша қызметтік тексеру басталды. Департамент басшылығы полиция қызметкерінің дөрекі іс әрекеті үшін баға беретін болады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.