Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматы облысында каратэ жаттықтырушысы бөбекжайда бүлдіршіндерді тепкен

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында орналасқан «Айжан» бөбекжай балабақшасында жаттықтырушы балаларға қол жұмсаған, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Алматы облысында каратэ жаттықтырушысы бөбекжайда бүлдіршіндерді тепкен
Фото: видеодан скриншот

26 мамырда «Жалын» тобындағы бүлдіршінді каратэ нұсқаушысы  жұлқылап, ұрған. Ауызша шағым негізінде, балабақшаның спорт залында орналастырылған бейне бақылау камерасы тексерілген. Нәтижесінде баланың айтқаны рас болып шыққан. Каратэ нұсқаушысы Мурсалиев Фархат Тоқтарұлы жаттығу барысында балаларды қолымен нұқып, теуіп,  жұлқылағаны анықталды.

«Балалардың денесінде көгерген немесе жарақаттар жоқ. Орын алған жағдайға байланысты, балабақша қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізіліп, каратэ нұсқаушысы Ф.Мурсалиевтен түсініктеме алынды. Педагогикалық этика нормалары мен лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген міндеттерді орындамағына үшін балабақша меңгерушісінің 2023 жылғы 29 мамырдағы №79 бұйрығы негізінде «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған»,- деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Балабақшаның каратэ нұсқаушысы Мурсалиев Фархат Тоқтарұлы Қазақстан Республикасы  Еңбек кодексінің 49 бабының 5 тармағына сәйкес №80 бұйрық негізінде жұмыстан босатылды.

«Сонымен қатар оның үстінен полиция тергеу жүргізіп жатыр. «Орын алған жағдайға жол беріп, бақылау мен басшылықта жіберген кемшілігі үшін «Айжан» бөбекжай балабақшасының  меңгеушісі Жарасова Динара Ерлановна ҚР  еңбек кодексі  64 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, білім бөлімінің 2023 жылғы 02 маусымдағы №76-ж\қ бұйрығы негізінде «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күні, балабақшаның «Жалын» тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына Мурсалиев Фархат Тоқтарұлының үстінен шағым түсірген. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,  - делінген хабарламада.