Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Әйел баласын iPhone және Ресейге ұшатын билетке сатқан

Қырғызстанда әйел жаңа туған қызын 100 000 сом, iPhone телефоны мен Ресейге ұшатын билетке сатқан, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел баласын iPhone және Ресейге ұшатын билетке сатқан
фото: ernur.kz

Шу облысы ІІББ мәліметінше, Ыстық-Ата ауданында баланы сату дерегі анықталған. Жүктілігі сегіз айлық 25 жастағы әйел баласын Б.Ф-ға сатуға келіскені белгілі болды.

«Әлі тумаған баланы әйел 100 мың сом, iPhone 12 және Ресейге ұшатын әуе билетіне сатқысы келген. Сонымен қатар, сатып алушы бала туғанға дейін С.З-ны қамтамасыз етуі керек еді. Баланы сатып алмақ болған Б.Ф. Ыстық-Ата ауданының жалпы дәрігерлік практика орталығы қызметкерімен сөз байласқан. Олар Б.Ф. жүкті екені туралы жалған айырбастау картасын жасады. 20 мамырда С.З. қыз туды. Полиция қызметкерлері баланы сату туралы келісімнің жолын кесті. Сатып алушы мен баланың анасы полицияға жеткізілді», - деп хабарлады ведомство.