Ақтөбеде үш зейнеткерді алдаған 18 жастағы жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"15 - 16 мамыр аралығында Ақтөбе аумағында 83, 87 және 90 жастағы зейнеткерлерге қатысты алаяқтық жасалды. Алаяқ құрбандарына жақын туысының жол-апатына түскені және осы мәселені шешуге жәрдемдесетіні туралы айтып қоңырау шалған. Нәтижесінде егде жастағы жәбірленушілер жиналған барлық жинақтарынан айырылып, жалпы шығын 5 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталған. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізілді.