Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жетісу облысында үш жасар бала каналға құлап, көз жұмды

Жаркентте ұшты-күйлі жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршіннің мәйіті суару каналынан табылды, деп Paryz.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Жетісу облысында үш жасар бала каналға құлап, көз жұмды
Фото: sputniknews.kz

Алмалы кентінің тұрғындары Жетісу облысы Панфилов ауданының полицейлеріне 3 жасар баланың жоғалып кеткені туралы өтінішпен жүгінген.

Айтуларынша, бала өзінің үйінің ауласында ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Іздеуге 100-ге жуық адам шыққан. Олар баланың денесін арықтан тапқан.

«Кентке кіретін су жабылды. Суару каналындағы су көлемі азайғаннан кейін жоғалған баланың денесі оның үйінен 3 км қашықтықта табылды. Болжам бойынша бала арнаға құлап кеткен, қатты ағыс алып кеткен», - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарға әсіресе жазғы демалыс кезінде балаларға жауапкершілікпен қарауды ескертті.