Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ақтауда мойнына тұзақ байлап өлтірілген аққу табылды

"Мен адамдарға не болғанын түсінбеймін. Бұл - өте қорқынышты", - дейді "ЭкоМаңғыстау" үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин.

Ақтауда мойнына тұзақ байлап өлтірілген аққу табылды
фото: дереккөз

Ақтаудың 1а шағын ауданында теңіз жағасындағы жолдың бойынан аққудың жансыз денесі табылды. Оның мойнына тұзақ байланған, деп хабарлады paryz.kz, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Экологтар мұндай жағдайда "Қолдау-Экология" мамандандырылған орталығына хабарласуға кеңес беріп отыр. Алайда куәгерлер оларға өлтірілген аққу туралы хабар бермек болғанда, көрсетілген 8 (7292) 57-19-05 байланыс телефоны өшірулі болған. Енді lada.kz Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан түсініктеме күтуде. Ал "ЭкоМаңғыстау" үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин бұл оқиғаға қатысты былайша түсініктеме берді:

"Ақтауда жабайы жануарларға көмек көрсету орталығы жоқ. Ал қалалық әкімдік осыдан 2 жыл бұрын үй хайуанаттары мен жабайы жануарларға көмек көрсетуді көздеген экологиялық білім беру орталығының жобасын іске асыру үшін 2 гектар жер бөлуге уәде берген болатын. Қазір оған да 3 жыл өтіп кетті. 2021 жылы беріліп қалар деп үміттенеміз. Әзірге арнайы орталық жоқ. Бірақ мейірімді адамдар бар. Соның бірі - "Нэнси" ветеринарлық клиникасының басшысы Анна Простетова. Ол ешқашан бас тартпайды және мүмкіндігіне қарай әрқашан көмекке келеді. Соның арқасында ондаған құтқарылған жануарлар табиғатқа оралды. Тағы бір қуанышты жаңалық, Анна Анатольевнада біраз уақыт емделгеннен кейін, «ақ періште» туыстарына аман-есен оралды. Алайда олардың қуанышы көпке бармай, бүгін басқа аққудың өлі денесін тапты. Контрасты өмір. Мен адамдарға не болғанын түсінбеймін. Бұл - өте қорқынышты".