Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Kек алмақ болған»: Түркістан облысында тұрғын адамдарды көлікпен соқты (ВИДЕО)

Түркістан облысында кек қайтармақ болған тұрғын қарсыластарын көлікпен соқты, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Kек алмақ болған»: Түркістан облысында тұрғын адамдарды көлікпен соқты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Мақтарал ауданының орталығында болған төбелестің видеосы тарады.

Онда қоғамдық орында екі адамның бір-бірімен ерегесіп, ал соңында кек қайтармақ болған жас жігіт қарсыластарын көлікпен соққаны түсіп қалған.

Оқиғаға ресми жауап берген Мақтаарал ауданы әкімдігі аталған жағдай бойынша Мақтаарал аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Оқиға 13 мамыр күні болған. Кешкі сағат 20:00 шамасында отбасы мүшелерімен бірге орталық алаңда доп ойнап жүрген ауыл тұрғыны көгалдандырылған аймақтағы гүл көшеттеріне зиян келтірген. Аталған азамат бірнеше рет жасалған ескертуге көңіл бөлмеген. «Мырзакент қызмет» МКК директоры, әрі аудандық мәслихаттың депутаты Тимур Адамбеков және «Мырзакент қызмет» МКК қызметкері Тахир Жусупбаев оқиға орнына келіп, тұрғынға түсіндіру жұмысын жүргізген. Сол сәтте балағат сөздер айтылып, жанжал басталады. Тіпті, бір-біріне қол жұмсап та жібереді. Ашуға берілген ауыл тұрғыны рұқсат етілмеген орталық алаңға кіріп, қасақана мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерін 3 рет көлігімен соққан. Қазіргі таңда Т.Жусупбаевқа Мырзакент орталық ауруханасының хирургия бөлімінде ота жасалып жатыр» делінген ақпаратта.