Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда 85 жастағы әйел өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: elements.envato.com

Сәуірдің аяғында полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның денесін марқұмның пәтерінен тапқан. Марқұмның анасы ер адамның жанында болған.

"50 жастағы ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылды. Ер адам жанында оның 85 жастағы анасы болды. Анасы мен баласы облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деді Tengrinews.kz тілшісіне Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық істің тергеуі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыстың себебін анықтап жатыр.